«СҰҢҚАР» УНИВЕРСИАДАСЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН
09.10.2026
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің білім алушылары «Сұңқар» универсиадасы аясында ұйымдастырылған бес асық және асық ату жарыстарында өздерінің шеберліктерін танытып, жүлделі орындарға ие болды.
Ұлттық спортты дәріптеп, жастардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған додаға орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Тартысты өткен сайыста колледждің құрама командасы бес асықтан қыздар арасында І орынға, ал асық атудан ұлдар командасы ІV орынға ие болды.
Жарыстың жеке ойындарында да студенттеріміз үздік нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, И-31 тобының студенті Сеилханова Мерей, ДМ-32ҚБ тобының студенті Сеилбекова Айгерим және ДМ-21 тобының студенті Алмасбек Арайлым І орындарды иеленді.
Бұл нәтиже – студенттердің жүйелі дайындығының, табандылығы мен ұлттық спортқа деген қызығушылығының жемісі. Бес асық пен асық ату секілді ұлттық ойындар жастардың ойлау қабілетін жетілдіріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Колледж студенттерін жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биіктерден көріне берулеріне тілектестік білдіреміз!