«ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2026»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА!

01.10.2026

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысы жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, арнайы пәндер оқытушысы Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы «Үздік педагог – 2026» байқауының облыстық кезеңінен сәтті өтіп, республикалық кезеңге жолдама алды!
14-21 қыркүйек аралығында өткен облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша өңірлік комиссия Смаилова Айгүл Тоқтауылқызын үлкен сеніммен республикалық кезеңге қатысуға ұсынды.
Бұл – ұстаздың кәсіби шеберлігінің, шығармашылық ізденісінің және білім беру саласына сіңіріп жүрген еңбегінің жоғары бағалануы.
Еліміздің үздік педагогтері бас қосатын республикалық кезең 22 қыркүйек – 15 қазан аралығында өтеді.
Құрметті Айгүл Тоқтауылқызы!
Сізді республикалық «Үздік педагог» байқауына жолдама алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық додада колледжіміздің абыройын асқақтатып, кәсіби шеберлігіңізді жоғары деңгейде танытатыныңызға сенеміз. Әр қадамыңыз сәтті, әр сөзіңіз әсерлі, әр бастамаңыз нәтижелі болсын!
Біліміңіз – шәкіртке бағдар, еңбегіңіз – әріптеске үлгі, жетістігіңіз – ұжымымызға мақтаныш болсын!

Просмотров: 1412


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу