АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«НҰР БАЛА» БӨБЕКЖАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

16.09.2026

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша білім алатын МД-31 тобының студенттері 2026 жылғы 14–25 қыркүйек аралығында Көкшетау қаласындағы «Нұр бала» бөбекжайында педагогикалық практикадан өтуде.
Практиканың тақырыбы – «Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие процесінің техникалық және әдістемелік шарттарын орындау, ұйымдастырылған іс-әрекеттерді жүргізу, балалардың іс-әрекетін жоспарлау».
Практиканың мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерімен таныстыру, ұйымдастырылған іс-әрекеттерді жоспарлау және өткізу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізу, заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту көзделеді.
Практика барысында студенттер тәрбиешілердің жұмысын бақылап, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру тәсілдерімен танысады. Балалардың түрлі іс-әрекеттерін жоспарлауға қатысып, ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізеді және атқарылған жұмыстарға талдау жасайды. Тәжірибелік жұмыстар студенттердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Студенттердің практика барысындағы жұмыстарына жетекшілік жасап, әдістемелік көмек көрсетуші – практика әдіскері Өтепбай Жансая Қанатқызы.

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст