01.09.2026
2026 жылдың 1 қыркүйек күні Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК базасында 2026-2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді.
🔷 Салтанатты жиынның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылын ашу, колледж табалдырығын алғаш аттаған I курс студенттерін қарсы алу, білім алушыларға сәттілік тілеу, сондай-ақ білім мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын дәріптеу болды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, жаңа оқу жылына арналған тілектер айтылды.
📚 Шара барысында білімнің адам өміріндегі маңызына тоқталып, педагог мамандығының қоғамдағы ерекше рөлі атап өтілді. Ұстаз – жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырып, ел болашағын тәрбиелейтін мәртебелі маман екені айтылды.
🎓 Колледж табалдырығын алғаш аттаған I курс студенттеріне таңдаған мамандықтарының құтты болуына тілектестік білдіріліп, колледж қабырғасында сапалы білім мен мол тәжірибе жинап, кәсіби білікті маман болып қалыптасуларына ізгі ниет білдіре отырып, колледжде білім алушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін жасалған мүмкіндіктер таныстырылды. Заманауи үлгіде жабдықталған дәрісханалар, Абай атындағы электронды-ресурстық кітапхана, спорттық-мәдени бағыттағы үйірмелер, дебат клубтары мен элективті курстардың студенттердің жан-жақты дамуына ықпал ететіні атап өтілді.
🏆 2025-2026 оқу жылындағы жетістіктер аталды.
🎤 Салтанатты жиында колледж директоры Елеушова Меңдігүл Жабайқызы студенттер мен оқытушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім алушыларға жаңа оқу жылында биік белестерді бағындырып, мол жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.
🔷 Жаңа оқу жылымен құттықтау сөз директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызына беріліп, студенттерге сәттілік пен толағай табыс тіледі.
Жиын соңында I курс студенттері мен топ жетекшілері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес өткізілетін «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбындағы кураторлық сағаттарға қатысу үшін дәрісханаларға бағытталды.
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Барша студенттер мен ұстаздарға шығармашылық шабыт, мол жетістік, толағай табыс тілейміз!
🎓 Білімге бастар алғашқы қадамдарыңыз сәтті болсын!