ЖЕҢІМПАЗДАРҒА – ҚҰРМЕТ!
27.06.2026
Ағымдағы жылдың 27 маусым күні Ақмола облысы Щучинск қаласындағы ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы, «Амандық» оқу-жаттығу орталығында өткен «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жиынында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, Ақмола облысының намысын абыроймен қорғаған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелерін салтанатпен қарсы алу рәсімі өтті.
Жеңімпаздарды Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері, колледж әкімшілігі, оқытушылар және ата-аналар ыстық ықыласпен қарсы алып, олардың жетістіктеріне жоғары баға берді. Шара барысында клуб мүшелері мен жетекшілеріне алғыс айтылып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілегі білдірілді. Жеңімпаздар мен олардың ата-аналарына алғыс хат табысталды.
«Айбын» ӘПК – колледжіміздің мақтанышы! Жеңістеріңіз жалғаса берсін!
#АйбынӘПК #Айбын2026 #ЖМусинКолледжі #ЖеңімпаздардыҚарсыАлу #ЖасАйбын