«АЙБЫН–2026»: Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубы – халықаралық жастар жиынының ІІІ орын жүлдегері!
27.06.2026
2026 жылғы 21–27 маусым аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының «Амандық» оқу-жаттығу орталығында өткен «Айбын–2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, Ақмола облысының намысын абыроймен қорғады.
Сонымен қатар, жарыс барысында клуб мүшелері жоғары нәтижелер көрсетіп, «АК бөлшектеп жинақтау» кезеңі бойынша Серікбекұлы Тілек жүлделі ІІ орынға ие болды. «Айбын жұлдызы» бағыты бойынша «Үздік костюм» грамотасымен, ал «Айбын дарыны» бағыты бойынша команда жалпыкомандалық ІІІ орынмен марапатталды.
Жиынның салтанатты жабылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының қатысушыларымен жүздесіп, олардың қатарында «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері Мемлекет басшысымен қол алысып, естелік суретке түсу құрметіне ие болды.
Бұл жеңіс – жүйелі дайындықтың, қажырлы еңбектің, темірдей тәртіп пен нағыз отансүйгіштіктің жарқын нәтижесі.
Жеңімпаз студенттерімізді, клуб жетекшілері Қалиев Қуаныш Ахметұлы мен Токбаев Аманбек Жетпісбайұлын және колледж ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңістеріңіз толастамасын, «Айбын» ӘПК! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!
#АйбынӘПК #Айбын2026 #ЖМусинКолледжі #ЖасАйбын
#АйбынӘПК #Айбын2026 #КолледжЖМусина #ЖасАйбын