№5 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
26.06.2026
2026 жылдың 26 маусым күні Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК базасында №5 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
🔷 Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты – 2025-2026 оқу жылындағы колледждің оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие бағытындағы жұмыстардың қорытындыларын саралау, білім беру үдерісінің сапасын арттыру, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған жұмыстардың нәтижесін талдау болды.
📚 Педагогикалық кеңес аясында 2025-2026 оқу жылында дайындалған оқу құралдарының тұсаукесері өткізілді. Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағамбетқызының «Әртүрлі жанрдағы шығармаларды мәнерлеп оқу» және Шайрахметова Әсел Ғалымқызының «Хор және хорды басқару» оқу құралдар…
[21:46, 26.06.2026] Молдир Есенгельдиновна: 📝 Үшінші мәселе бойынша оқытушылардың ғылыми-әдістемелік жұмысын бағалау нәтижелері қарастырылды. Жауапты Б.Батанасова педагогтердің ғылыми-зерттеу, әдістемелік және кәсіби даму бағытындағы көрсеткіштеріне тоқталып, нәтижелерді талдады. Оқу жылы барысында жылдық қорытындыға сәйкес республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен оқытушылар марапатталды.
🔷 Педагогикалық кеңес барысында қарастырылған мәселелер жан-жақты талқыланып, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытында нақты ұсыныстар берілді.
🔶 Кеңес қорытындысында колледж директоры Елеушова Меңдігүл Жабайқызы оқу үдерісінің сапасын арттыру, білім беру мазмұнын жаңарту, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізу және заманауи талаптарға сай мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.