АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

TEDX ФОРМАТЫНДАҒЫ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ» ІС-ШАРАСЫ

12.06.2026

2026 жылғы 9 маусым күні колледж студенттерімен бірге Жоғары техникалық колледждің  ІІІ корпусында өткен TEDx форматындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбындағы іс-шараға қатыстық.
Іс-шара барысында спикерлер сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, адалдық қағидаттарының маңыздылығы, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері жөнінде мазмұнды ойларымен бөлісті. Қатысушылар өзекті тақырыптар бойынша баяндамаларды тыңдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың тиімді жолдары туралы құнды ақпарат алды. Спикерлердің өмірлік тәжірибелері мен нақты мысалдары жастардың қызығушылығын арттырып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Біздің студенттер іс-шараға белсенді қатысып, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарының қоғамдағы рөлі туралы түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар, олар құқықтық сауаттылықты арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын тереңірек түсінді. Осындай тағылымды кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, құқықтық мәдениетін дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

#TEDx
#СыбайласЖемқорлыққаҚарсыМәдениет
#Адалдық
#ҚұқықтықМәдениет
#ЖастарСаясаты

Просмотров: 199


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст