12.06.2026
2026 жылдың 10 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, 4S01120102 – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» біліктілігі бойынша білім алатын ІІІ курс МД-31 және МД-32 топтарының студенттері дипломдық жұмыстарын қорғады.
Жалпы саны 21 дипломдық жұмыс қорғалды. Атап айтқанда, «Мектепке дейінгі білім беруде денсаулық сақтау технологияларын қолдану жолдары», «Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуын қамтамасыз етуде ойын технологиялары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кіріктіру жолдары», «Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру барысында балаларды табиғатпен таныстырудың формалары мен әдістері» және басқа да өзекті тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстары ұсынылды.
Дипломдық жұмыстардың мазмұнында теориялық және практикалық бөлімдер толық қамтылып, студенттер зерттеу тақырыптарының өзектілігін жан-жақты негіздеді. Зерттеу нәтижелері тәжірибеде сынақтан өткізіліп, соның негізінде әзірленген дидактикалық материалдардан көрме ұйымдастырылды.
Қорғау барысында білім алушылар өз жұмыстарының мақсат-міндеттерін, зерттеу нәтижелерін және практикалық маңызын жоғары деңгейде таныстырып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына нақты жауап берді.
Дипломдық жұмыс жетекшілеріне шығармашылық табыс, ал түлектерімізге алдағы кәсіби қызметтерінде мол жетістік пен сәттілік тілейміз!