10.06.2026
2026 жылғы 8 маусымда 01140200 – «Музыкалық білім беру» мамандығы, 4S01140201 – «Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі» біліктілігі бойынша М-41 тобында қорытынды аттестаттау емтихандары басталды.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамында «Жұлдыз» балабақшасының музыка жетекшісі, педагог-сарапшы Қалиева Әсел Өтегенқызы және №17 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Досымхан Әділбек Күнтуарұлы жұмыс атқаруда.
Алғашқы емтихан педагогика және психология пәндері бойынша тестілеу форматында өткізілді. Емтихан барысында студенттер оқу жылдары бойы жинақтаған теориялық білімдері мен кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті. Бітіруші түлектер тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, өздерінің дайындық деңгейін дәлелдеуге мүмкіндік алды.
Қорытынды аттестаттау – студенттердің кәсіби даярлығын бағалайтын маңызды кезең. Бұл сындарлы сәтте білім алушылар болашақ маман ретінде қалыптасқан білімін, білігі мен дағдыларын танытып, кәсіби құзыреттіліктерін көрсетеді.
М-41 тобының студенттеріне алдағы емтихандар мен дипломдық жұмыстарын қорғауда жоғары нәтижелер көрсетіп, барлық сынақтардан сәтті өтулеріне тілектестік білдіреміз!
ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІМІН БАҒАЛАЙТЫН МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ!