АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ӨНЕР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

19.05.2026

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Әлмұхамбетовтің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Өнер және білім беру экожүйесінің заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция отандық ғылым мен ағарту саласындағы елеулі оқиғаға айналды. Ауқымды жиынға еліміз бен шетелдің жетекші ғалымдары, зерттеушілері мен білім беру саласының мамандары қатысып, қазіргі педагогиканың өзекті мәселелерін талқылады.
Халықаралық симпозиумға Ақмола облысы атынан Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қуаныш Қожабайұлы қатысып, «Ұлттық құндылықтардың білім берудегі трансформациясы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде жаһандану дәуіріндегі ұлттық код пен рухани мұраны сақтаудың маңыздылығына тоқталып, ұлттық құндылықтар мен халықтық педагогика негіздерін қазіргі білім беру үдерісіне бейімдеудің өміршеңдігін ғылыми тұрғыдан негіздеді.
Халықаралық симпозиум барысында ұлттық құндылықтардың цифрлық және құзыреттілікке бағытталған жаңа білім беру форматына трансформациялану жолдары нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Академик ғалымдар болашақ мамандарды тәрбиелеуде әдебиет пен өнерді, тілдік құндылықтарды пәнаралық байланыс арқылы ықпалдастырудың тиімді әдістемелік модельдерін ұсынып, бұл үдерісті заманауи білім беру экожүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті.
Секция мәжілісіндегі қызу пікірталас пен сұрақ-жауап кезеңінде ғалымдар өздерінің терең педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, мазмұнды әрі дәлелді жауаптар берді. Конференция қорытындысы бойынша көтерілген тақырыптың ғылыми-практикалық маңызы жоғары бағаланып, ұсынылған идеяларды алдағы уақытта оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру ісінде қолдану ұсынылды.

Просмотров: 579


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст