ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ
14.05.2026
2026 жылдың сәуір айында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында құқықтық тәрбие бағытында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Е.Нысанбай және тәрбие бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру болды.
Кездесу барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
1️⃣ Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар және олардың салдары
2️⃣ Әкімшілік құқық бұзушылықтар және олар үшін көзделген жауапкершілік
3️⃣ Есірткі қылмысына қатысты құқықтық жауапкершілік
Аталған мәселелер бойынша құқық қорғау органдарының өкілдері мазмұнды түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне нақты тоқталды. Сонымен қатар, әр құқықбұзушылықтың заң алдындағы жауапкершілігі мен оның салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Әсіресе есірткі қылмысына қатысты құқықтық жауапкершілік кеңінен талқыланды. Полиция өкілдері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қарастырылған қатаң жаза түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріп, оның адам денсаулығына, психикасына және әлеуметтік өміріне тигізетін зиянына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, студенттерге күмәнді жағдайларда өзін дұрыс ұстау, заңсыз әрекеттерден аулақ болу және құқықтық жауапкершілікті сезіну қажеттігі түсіндірілді. Жастарға саналы таңдау жасап, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, құқықтық бағытта пайдалы кеңестер ұсынылды.