ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ АПТАЛЫҒЫНДА КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫН ҚАРСЫ АЛУ
12.05.2026
2026 жылдың 12 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Педагогика және психология кафедрасы апталығының басталуына орай колледж ұжымын қарсы алу іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
12–15 мамыр күндері аралығында өтетін «Оқу-тәрбие процесінде қолданылатын цифрлық технологиялардың маңызы» тақырыбындағы апталықтың кіріспе бөлімі мазмұнды әрі қызықты форматта өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен бастауыш мектеп бөлімінің белсенді студенттері қатысып, өзара ынтымақтастық пен шығармашылық атмосфера қалыптастырды.
Қарсы алу барысында қатысушыларға танымдық сұрақтар қойылып, логикалық тапсырмалар мен сергіту ойындары ұйымдастырылды.
Апталыққа сәттілік, шығармашылық табыс және жоғары нәтижелер тілейміз!