28.04.2026
2026 жылдың 28 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында индустриалдық кеңес отырысы өткізілді.
Кеңестің негізгі мақсаты – кәсіптік стандарттарға негізделген, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының академиялық еркіндігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын талқылау, жетілдіру және бекітуге ұсыну болды.
Кеңес модераторы – колледж директоры М. Елеушова.
📌 Күн тәртібіне сәйкес алғашқы мәселе бойынша индустриалдық кеңестің ашылуы өтті. Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Нуралин Нажмиден Мұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру жүйесіндегі өзекті бағыттарға тоқталды.
Екінші мәселе аясында колледждің индустриалдық кеңесінің құрамы бекітіліп, тиісті бұйрықпен таныстырылды.
Индустриалдық кеңес құрамына білім беру ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты:
– Галимова Бегзат Хайыргельдиновна – Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №1 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі;
– Распек Асхат Нұралыұлы – Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№20 мектеп-лицейі» КММ информатика пәні мұғалімі;
– Калиева Әсел Өтегенқызы – «Арай» балабақшасының музыка жетекшісі;
– Қабылдин Асылбек Нұрбекұлы – №17 орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі;
– Тышканбаева Мугульсум Миратовна Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Bolashaq saraiy» ШЖҚ МКҚ-ның басшысының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.
📚 Үшінші мәселе бойынша директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д. Ілияс техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларымен таныстырды.
Төртінші мәселе аясында бөлім меңгерушілері 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының жобаларын ұсынып, олардың мазмұны мен құрылымына жан-жақты тоқталды.
Бесінші мәселе бойынша индустриалдық кеңес мүшелері ұсынылған білім бағдарламаларының мазмұнын талқылап, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
🔷 Кеңес барысында білім беру бағдарламаларын жетілдіру, еңбек нарығының сұранысына сәйкестендіру және білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды.
🔶 Отырыс қорытындысында білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар қабылданып, оларды бекітуге ұсыну туралы шешім шығарылды.