АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ENGLISH CONNECTS THE WORLD

27.04.2026

27 сәуір күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Шетел тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «English Connects the World» апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған апталық 27–30 сәуір аралығында өтеді.
Апталықтың басты мақсаты – колледж педагогтері мен студенттерінің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілді үйренуге және күнделікті өмірде қолдануға ынталандыру.
Колледж ұжымын қарсы алу барысында педагогтерге ағылшын тіліндегі мотивациялық стикерпактар таратылды. Сонымен қатар оқылым, жазылым және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылды. Нәтижесінде колледж ұжымы көпмәдениетті атмосфераға еніп, ерекше әсер алды.
«English Connects the World» апталығының салтанатты ашылуында коммуникативтік құзыреттіліктің өзектілігі мен шет тілдерін меңгерудің маңыздылығы сахналық көрініс арқылы көрсетілді. Ағылшын бөліміне қарасты 2025 жылғы түлек, қазіргі таңда Қытай Халық Республикасындағы Хубэй технологиялық университетінің студенті Залкибаева Тахминаның бейнежолдауы ұсынылды.
Сонымен қатар ашылу барысында апталықтың бағдарламасы таныстырылып, ағылшын бөлімінің студенттері ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Шетел тілі кафедрасы ұйымдастырған «English Connects the World» апталығына баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

Просмотров: 154


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст