16.04.2026
2026 жылдың 15–16 сәуір аралығында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «01140200 Музыкалық білім беру» мамандығы, «0S01140201 Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білімнің музыка мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттер арасында «MusicTeacherSkills – 2026» атты республикалық байқау өтті.
Аталған байқау Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен және «Talap» КЕАҚ келісімі негізінде, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК жанындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Байқау «Музыкалық білім беру» мамандығы, «Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білімнің музыка мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алып жатқан III–IV курс студенттеріне арналды.
Іс-шараның мақсаты – болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, шығармашылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ педагогикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен білім беру ұйымдарының студенттері қатысты: Жаркент жоғары педагогикалық колледжі, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж (Петропавл қ.), Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК. Байқау бағдарламасы кәсіби шеберлікті көрсетуге бағытталған бірнеше модульдерден тұрды. Қатысушылар музыкалық орындаушылық, педагогикалық шеберлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты таныстырды. «MusicTeacherSkills – 2026» байқауы – болашақ мамандардың кәсіби дамуына серпін беретін, тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды алаң. Байқау нәтижесінде колледжіміздің Музыка бөлімінің III курс студенті Бижаксынова Ұлжан Нұрланқызы жүлделі III орынға ие болды. Жетекшісі: Шарипова Салтанат Аманжоловна, Әсел Ғалымжанқызы, Тұрар Сағатұлы. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі студенттер өзара бақ сынасып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қолдау көрсеткен колледж әкімшілігі мен оқытушыларға алғысымызды білдіреміз!