10.04.2026
2026 жылдың 10 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында №4 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты – ағымдағы аттестаттау қорытындылары негізінде білім сапасының деңгейін саралау, оны жетілдірудің тиімді жолдарын айқындау, сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісінде «Толық адам» және «Жансаулық» тұжырымдамалары аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесін талдау болды.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, бірінші мәселе бойынша ағымдағы аттестаттау қорытындылары негізінде білім алушылардың білім сапасы қарастырылды.
Бұл бағытта директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы баяндама жасап, білім сапасының көрсеткіштері, негізгі мәселелер және оларды жетілдіру жолдарына тоқталды. Сонымен қатар, оқу процесін тиімді ұйымдастыру мен білім нәтижесін арттырудың нақты тетіктері ұсынылды.
Екінші мәселе аясында колледждің оқу-тәрбие бағытында «Толық адам» және «Жансаулық» тұжырымдамалары негізінде жүзеге асырылған жұмыстар талқыланды.
Жауапты тұлға Арайлым Рахымқызы мен Бердімұрат Жәнібек аталған бағыттағы тәрбиелік іс-шаралар, студенттердің тұлғалық дамуына ықпал ететін жобалар мен олардың нәтижелері туралы мазмұнды баяндама жасады.
Үшінші мәселе – әртүрлі сұрақтар қарастырылып, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге қатысты ұсыныстар ортаға салынды.
Педагогикалық кеңес барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар айқындалды.
Кеңес қорытындысында директор Елеушова Меңдігүл Жабайқызы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын жүйелі түрде жетілдіру, заманауи талаптарға сай білім беру ортасын қалыптастыру және студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.