ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

11.04.2026
Ағымдағы жылдың 08–10 сәуір күндері аралығында «Сұңқар» спартакиадасы бағдарламасы аясында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұлдары арасында баскетболдан қалалық жарыс өтті.
🥇 Аталған жарыста Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі намысын қорғаған «Барыс» баскетбол клубы жоғары ойын шеберлігін көрсетіп, І орынды иеленді.
Команда өздерінің ұйымшылдығы мен табандылығының арқасында үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Садвакасов Айбек Серікұлы
Просмотров: 233


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу