АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

14.04.2026

10 сәуір күні «Башқұртстан мемлекетінің «Уфа ғылым және технология университеті», «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі», «Донецк мемлекеттік университетінің» ұйымдастыруымен «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ - 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Уфа ғылым және технология университетінің» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Хамитов Ильдар Салихьянович біздің оқу орнымызбен ынтымақтастықта  тәжірибе алмасуға үнемі қолдау көрсетуге дайын екендігін және білім беру жүйесіндегі әлемдік тенденциялар ортақ мақсатты жүзеге асыруға негіз болатындығын атады. Аталған іс-шараға колледж директоры Елеушова Меңдігүл Жабаевна, ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы қатысып халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында ынтымақтастықта тәжірибе алмасуға ашық екендігіне пікір білдіре келе, ғылым кеңістігіндегі мәселелерді атап өтті. Пленарлық мәжілісте мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Кравченко Анастасия Петровна мен колледж студенті Аманжол Айлана «Фольклорный сторителлинг в ценностном воспитании детей дошкольного возраста» тақырыбында баяндама жасады. Колледж оқытушылары белсенділік танытып секция бағыттары бойынша мақалаларын ұсынды.  
«ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ - 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар арнайы сертификатқа ие болады.

Просмотров: 158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст