АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНА

07.04.2026

2026 жылдың 7 сәуірінде Ғылым күніне орай «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен бөлімдер арасында колледж студенттеріне арналған семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – қатысушылардың эмоционалды интеллект деңгейін арттыру, өз эмоцияларын тану және тиімді басқару дағдыларын дамыту, сондай-ақ өзгенің эмоцияларын түсіну қабілетін қалыптастыру. Сонымен қатар, тұлғааралық қарым-қатынасты жақсарту, күйзелісті басқару жолдарын меңгерту, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және білім беру мен кәсіби қызметте эмоционалды интеллектіні тиімді қолдану стратегияларын қарастыру көзделді.
Семинар барысында қатысушылардың өз эмоцияларын тану, басқару және өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мазмұнды баяндамалар оқылып, педагогикалық және психологиялық тренингтердің айырмашылығы «Венн диаграммасы» арқылы талқыланды. Семинар аясында өзекті мәселелер қозғалып, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған қызықты тапсырмалар орындалды.

Семинарға белсенді қатысқан барлық студенттер сертификаттарға ие болды.
Қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ғылымға деген ұмтылыс – болашаққа бастар жарқын жол, ал білім мен ізденіс – сол жолдағы сенімді серік.

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст