АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – ИГІ ІС

31.03.2026

2026 жылдың 31 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі және логопедия» кафедрасының оқытушысы Өтепбай Жансая Қанатқызы, «Музыка» кафедрасының оқытушысы Салтанат Аманжоловна, «Информатика» кафедрасының оқытушысы Өтепбай Досай Жұмаханұлы, «Дене мәдениеті» кафедрасының оқытушысы Рақыш Даулет Қуаншыбекұлы кәсіби бағдар беру жұмыстары жоспарына сәйкес №2 орта мектеп-лицейіне барып, аталған оқу орнында 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Оқытушылар оқу орны туралы және мамандық таңдау мәселесі бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті. Кездесуге 9-сыныптан 49 оқушы және 11-сыныптан 18 оқушы қатысты.
Білім алушыларға тақырыпқа сәйкес бейнероликтер мен презентациялар көрсетіліп, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст