17.03.2026
2026 жылдың 17 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Мектепке дейінгі және логопедия бөлімінің апталығы аясында «Театралдық қойылымдар» шеберлік сағаты өтті. Іс-шараға «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» мамандығының 3-курс студенттері қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Шеберлік сағаты барысында студенттер халық ертегілері мен танымал шығармалар желісі бойынша «Шалқан», «Бауырсақ», «Пиноккио» атты қойылымдарды сахналады. Әр қойылым мазмұны жағынан тәрбиелік мәнге ие болып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Ерекше атап өтерлігі, әр топ өз қолдарымен дайындаған декорациялар, көрнекіліктер мен кейіпкерлерді пайдаланып, қойылымдарды әсерлі әрі тартымды етіп көрсете білді.
Шара соңында қатысушылардың өнері қазылар алқасы тарапынан бағаланып, үздік топтар түрлі номинациялармен марапатталды.
Аталған іс-шара болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді.