USTAZ CUP ТУРНИРІНДЕГІ ЖЕҢІС

16.03.2026
14-15 наурыз күндері арасында өткен Ақмола облысы педагогикалық ұжымдары арасында ұйымдастырылған волейболдан USTAZ CUP турнирінде Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте І орынды иеленді.
Жарысқа облыстың білім беру ұйымдарынан барлығы 8 команда қатысты. Турнир барысында командалар өзара тартысты әрі қызықты ойындар өткізді. Колледждің оқытушыларынан құралған команда жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсете білді.
Жалпы 5 ойын өткізіп, финалдық кездесуде 2:0 есебімен қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды. Бұл – команданың тұрақты еңбегінің, жүйелі дайындықтың және бірліктің жемісі.
Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 І орын – Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
🥈 ІІ орын – ВАТК колледжі
🥉 ІІІ орын – Зеренді ауданы білім бөлімінің командасы
Команда мүшелерін лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
Просмотров: 896


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу