АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ»

27.02.2026

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасында «Жасампаз оқырман дағдысы» жобасының жоспарына сәйкес оқырмандарды қазақтың ұлы ақыны, суырыпсалма айтыс өнерінің шебері, халық жыршысы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ақынның туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев» тақырыбында танымдық сағат өтті.
📌 Іс-шара барысында білім алушыларға ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қазақ әдебиетіндегі орны кеңінен таныстырылды. Жамбылдың айтыс өнеріндегі шеберлігі, ел бірлігі мен ерлікті жырлаған отты өлеңдері туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Сонымен қатар ақынның ел басына күн туған кезеңдерде халыққа рух берген жалынды жырлары сөз етілді.
📌 Танымдық сағатта студенттер ақын шығармаларынан үзінділер оқып, «Ленинградтық өренім», «Аттандыру» сияқты жырларының тарихи мәні мен тәрбиелік маңызына тоқталды. Қатысушылар Жамбыл поэзиясындағы отансүйгіштік, батырлық, әділдік пен адамгершілік тақырыптарын талдап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Жамбыл – ғасырлар үндестігін жалғаған жыршы, халық жүрегінен орын алған мәңгілік мұра иесі.

Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст