27.02.2026
2026 жылдың 27 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы негізінде «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен бастауыш білім беру саласында еңбек етіп жүрген колледж түлектері, колледж педагогтері және студенттері арасында бірлескен шеберлік сыныбы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бастауыш білім беру саласында еңбек етіп жүрген колледж түлектерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісуі арқылы заманауи педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдістерді практика жүзінде тиімді қолдану жолдарын көрсету, ұстаздық шеберлікті арттыру және жас мамандардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Тәжірибелерімен бөлісу үшін шеберлік сыныбына Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Байдуллина Айгүл Мәуленқызы, Қасымова Гүлмира Мұратбекқызы, Салимова Жанерке Жанатқызы, Ибраева Гүлнар, Әуенова Гүлмира Зинуллақызы, №19 жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Шәкенова Ақжан Ержановна, Әділова Ләззат Қайратқызы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Хайбар Шынар, Туяахан Бердігүл, сондай-ақ Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Мәджитова Лаура Ерікбайқызы және колледж оқытушылары мен бастауыш мектеп бөлімінің I–III курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында «Әдемі жазу – әдемі ой», «Бастауыш сыныпта қызығушылықтан белсенділікке, белсенділіктен нәтижеге: тиімді оқу ортасын қалыптастыру», «Жасанды интеллект мүмкіндіктері», «Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану», «Jobaland: бастауыш сыныпта STEM жобаларын тиімді ұйымдастыру», «Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін әдіс-тәсілдер», «ПДТ бар балалармен жүргізілетін әдіс-тәсілдер» тақырыптарында практикалық жұмыстар орындалды. Сонымен қатар «Алтауы біреуінде», «Қалыптастырушы бағалау: кері байланыс беру тәсілдері», «Қарапайымнан – жаңалыққа» авторлық әдістері бойынша шеберлік сыныптары көрсетілді.
Шеберлік сыныбының соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.