27.02.2026
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің ФБ-41 тобының студенті Дәулетбек Жұлдыз дипломалды практика барысында өздері тәжірибеден өткен Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы «Мәдениет негізгі мектебі» КММ-де кәсіби бағдар беру бағытында мазмұнды кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына болашақ мамандықты саналы таңдаудың маңызын түсіндіру, педагогикалық бағыттағы білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру болды. Кәсіби бағдар беру жұмысы барысында студент оқушылармен интерактивті форматта жұмыс жүргізіп, түрлі тренинг элементтері мен сұрақ-жауап әдістерін қолданды.
Кездесу барысында білім алушыларға педагог мамандығының ерекшеліктері, артықшылықтары, кәсіби құзыреттіліктері туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, колледжге түсу шарттары, грант мүмкіндіктері, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы жөнінде ақпарат ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестер алды.
Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына бағыт беріп, олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып шешім қабылдауына ықпал етті. Дипломалды практика шеңберінде өткізілген бұл кәсіби бағдар беру жұмысы студенттің ұйымдастырушылық қабілетін, коммуникативтік дағдыларын және педагогикалық шеберлігін айқындады.