АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

“ТАСЫМАЛ” ТАҚЫРЫБЫ (АНА ТІЛІ), “ҚОРЫТЫНДЫЛАУ” ТАҚЫРЫБЫ (МАТЕМАТИКА) ПӘНДЕРІНЕН ҮЛГІ САБАҚ

27.02.2026
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Бастауыш білім беру мамандығының IV курс студенті Қайролла Тахмина Ержанқызы дипломалды практика аясында Көкшетау қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің 1 «Ә» сыныбында ана тілі пәнінен «Тасымал», математика пәнінен «Қорытындылау» тақырыптарында  үлгі сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
ана тілі пәні бойынша – оқушыларға тасымал туралы түсінік беру, сөздерді дұрыс тасымалдауға үйрету;
математика пәні бойынша – оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау.
Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық және жеке тапсырмалар орындады.
Сабақта заманауи білім беру технологиялары тиімді қолданылды. Атап айтқанда:
• жасанды интеллект арқылы тақырыпты ашу;
• «Дирижёр» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру;
• «Попкорн» әдісі арқылы топқа бөлу;
• Google платформасы арқылы тапсырмалар орындау (Wordwall, LearningApps);
• әртүрлі көрнекіліктер арқылы тапсырмалар ұйымдастыру;
• «Асық» әдісі арқылы кері байланыс жүргізу және бағалау парақтарын қолдану.
Сонымен қатар дәптермен және оқулықпен жұмыс түрлері жүйелі түрде ұйымдастырылды. Сабақ мазмұнды әрі қызықты өтті. Оқушылар берілген тапсырмаларды ынтамен орындап, өз ойларын еркін жеткізе алды.
Сабақ құрылымы талапқа сай жоспарланып, қойылған мақсаттарға толық қол жеткізілді.
Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст