26.02.2026
Ағымдағы жылдың 24–25 ақпан күндері Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты жиында ұстаз мәртебесі, кәсіби құзыреттілік пен заманауи білім берудің маңызы ерекше аталды.
🔹 Байқаудың мақсаты – педагогтердің кәсіби-педагогикалық және әдістемелік қызметінің тиімділігін талдау, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, инновациялық тәжірибелерді насихаттау және озық педагогикалық идеяларды тарату.
Байқау 3 модуль бойынша ұйымдастырылды:
1️⃣ «Мен және қоғам» (сырттай бағаланды)
2️⃣ «Әдістемелік әзірлеме»
3️⃣ «Мультимедиалық технологиялар»
Екінші модульде қатысушылар авторлық әдістемелік өнімдерін қорғап, заманауи сабақ үлгілерін ұсынды. Үшінші модульде электронды рандомайзер арқылы ортақ тақырып анықталып, 1,5 сағат ішінде мультимедиалық сабақ әзірленді. Қатысушылар IT-құзыреттіліктерін көрсетіп, цифрлық технологияларды тиімді қолданудың шеберлігін дәлелдеді.
Конкурстық комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 1, 2 және 3 модульдердің орташа баллдары шығарылып, іріктеу кезеңінің қорытындысы анықталды.
📚 Жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары арасында:
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, информатика пәнінің оқытушысы Қамалиден Айгерім Сағындыққызы I орын иеленді.
Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі, тарих пәнінің оқытушысы Бабаева Айнагуль Талгатовна II орын иеленді.
Жоғары техникалық колледжі, география пәнінің оқытушысы Баглан Айнаш Амангельдиновна III иеленді.
Жоғары аграрлық-технологиялық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Капарова Меруерт Карыбаевна III орын марапатталды.
«Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясы:
• Шамиганова Мериза Абзаловна, Құрылыс-технологиялық колледжі, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
• Абылхаева Жанна Галиевна, Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі, тарих және география пәндерінің оқытушысы
• Даулетова Жадра Сериковна, Жоғары техникалық колледжі, ағылшын тілі пәнінің оқытушысына берілді.
Педагогикалық мамандықтар оқытушылары арасында:
Қайыржан Тілек Сағындыққызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы I орын иеленді.
«Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясы – Галимжанова Гульнара Булатовна, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі, арнайы пәндер оқытушысына берілді.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Қамалиден Айгерім Сағындыққызы мен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Қайыржан Тілек Сағындыққызы республикалық кезеңге жолдама алды.
Барша қатысушыларды құттықтаймыз!