АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

РЕФЕРЕНДУМ ЖӘНЕ РЕФОРМА: ЖАСТАР КӨЗҚАРАСЫ

25.02.2026

2026 жылғы 25 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Парасат» дебат клубы мүшелерінің қатысуымен «Конституциялық өзгерістер: не үшін және қалай қабылданады?» тақырыбында панельдік пікірталас өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, елдегі конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды. Пікірталас барысында клуб мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістердің тарихи, саяси және әлеуметтік негіздеріне тоқталды.
Панельдік форматта ұйымдастырылған жиында спикерлер конституциялық түзетулердің қабылдану тәртібі, олардың қоғам өміріне ықпалы, сондай-ақ халықтық референдумның рөлі туралы мазмұнды ойларымен бөлісті. Қатысушылар өз көзқарастарын дәлелдермен қорғап, ашық пікір алмасу алаңын қалыптастырды.
Шара барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, түрлі көзқарастар сарапқа салынды. Бұл пікірталас студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, құқықтық мәдениетін жетілдіруге және қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға үндеді.

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст