АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ СЕРВИСТЕРІ

19.02.2026

2026 жылдың 19 ақпан күні «Шығармашылық бағыттағы педагог жұмысындағы заманауи цифрлық ресурстар және жасанды интеллект сервистері» тақырыбындағы шығармашылық бағыттағы оқытушылардың облыстық семинары Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі базасында өтті.
Семинар жұмысына өңірдің шығармашылық бағыттағы білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, заманауи цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект сервистерін оқу үдерісінде тиімді қолдану бағытында тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға Музыка бөлімінің оқытушылары белсенді қатысты. Атап айтқанда, Мусайпова Шынар Қайратқызы «Фортепиано (аккомпанемент) сабақтарында жасанды интеллект сервистерін қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Болатова Наталья Анатольевна «Цифрлық технологиялар музыкалық білім беруде», Устименко Надежда Александровна «Музыкалық білім берудегі ноталық редакторлар мен ЖИ-технологиялар» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында білім беру платформалары, интерактивті цифрлық құралдар, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі сервистерді шығармашылық пәндерде қолданудың әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы сабақ жоспарларын әзірлеу, сараланған тапсырмалар дайындау, музыкалық шығармаларды талдауға арналған әдістемелік материалдар құрастыру бағытындағы тәжірибелер ұсынылды.
Қатысушылар практикалық бөлімде цифрлық сервистердің тиімділігін талқылап, өзара пікір алмасты.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Просмотров: 123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст