24.02.2026
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі бастауыш білім беру бөлімінің IV курс студенті Хали Мерей Ренатқызы дипломалды практика барысында №4 орта білім беретін мектебі КММ-нің 4 «Ә» сыныбында математика пәнінен «Дұрыс және бұрыс бөлшектер» тақырыбында үлгі сабақ өткізді.
Сабақтың басында «Өзіңе керегіңді ал» атты психологиялық ахуал ұйымдастырылып, оқушылардың сабаққа деген жағымды көңіл күйі қалыптастырылды. Сабақтың тақырыбы ребусты шешу арқылы анықталып, оқушылардың танымдық қызығушылығы арттырылды.
Сабақ барысында оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында түрлі карточкалармен жұмыстар жүргізілді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамытылып, «Хат» әдісі негізінде білімдерін бекітуге бағытталған тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар, «Басқатырғыштар» атты сергіту сәті ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі арттырылды.
Сабақта Wordwall, LearningApps, Quizizz білім беру платформалары қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасалды. Сабақ барысында топтық, жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату, салыстыру және есептер шығару дағдыларын қалыптастырды.
Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізілді. Үлгі сабақ әдістемелік талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, өз деңгейінде өткізілді.