Текст
18.02.2026
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне Панацея клиникасы тарапынан Жасұлан Жанель Серікқызы келіп, студенттерге АДС-М екпесін салды.
АДС-М екпесі жасөспірімдер мен ересектерге ревакцинация ретінде егіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, екпе 16 жаста және одан кейін әр 10 жыл сайын салынады.
Вакцина бұлшықетке егіледі. Егуден кейін кейде екпе орнында қызару, ауырсыну, ісіну немесе дене қызуының аздап көтерілуі байқалуы мүмкін. Бұл белгілер 1–3 күн ішінде өздігінен басылады.
Уақытылы вакцина алу – денсаулықты қорғаудың және қауіпті аурулардың алдын алудың тиімді жолы.