АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«АБЫЛАЙ ХАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНЕН ҮЛГІ САБАҚ

17.02.2026

2026 жылғы 17 ақпанда Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Бастауыш білім беру бөлімінің IV курс студенті Қайыргелді Аяулым Бүркітқызы дипломдық практика аясында Ерейментау қаласындағы П. Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Абылай хан» тақырыбында үлгі сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – шығарманың мазмұнын түсіну, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру, сондай-ақ шығармашылық жұмыстарды орындау.
Сабақ барысында оқушыларға Абылай хан туралы ақпарат беріліп, ақын Бұқар жыраудың «Хан Абылай атандың» өлеңі түсіндірілді. Батырға байланысты шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, тақырыпқа сай әңгіме құрастыру тапсырмасы берілді. Сонымен қатар топтық, жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылды. Теориялық және практикалық білім ұштастырылып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты.
Сабақта заманауи білім беру технологиялары тиімді қолданылды. Атап айтқанда:
* жасанды интеллект арқылы тақырыпты ашу;
* «Тәтті лебіз» психологиялық ахуал қалыптастыру;
* «Пазл» әдісі арқылы сабақ тақырыбын анықтау;
* «Хан бейнесі» әдісі арқылы топқа бөлу;
* «Google» платформасы арқылы шығармашылық тапсырмалар орындау;
* әртүрлі көрнекіліктер арқылы тапсырмалар орындату;
* «Теледидар» әдісі арқылы кері байланыс жүргізу және бағалау парағын қолдану.
Сондай-ақ дәптермен және оқулықпен жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Сабақ өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Оқушылар берілген тапсырмаларды ынтамен орындап, өз ойларын еркін жеткізе алды.
Сабақ құрылымы талапқа сай жоспарланып, қойылған мақсат толық орындалды.

Просмотров: 199


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст