АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Ж.МУСИННІҢ ӘДЕБИЕТ ПЕН ЖУРНАЛИСТИКА ТОҒЫСЫНДАҒЫ РУХАНИ МҰРАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

13.02.2026
2026 жылдың 12 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің 90 жылдығына арналған «Ж.Мусиннің әдебиет пен журналистика тоғысындағы рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды.Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті, «Talap» КЕАҚ, ҚР Ұлттық құндылықтар академиясы, Ақмола облысының білім және мәдениет басқармаларының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, педагогтер, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, колледж түлектері мен студенттері қатысты.Маңызды іс-шара аясында Жанайдар Мусиннің бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ұсынған С.Әмірова, А.Кравченко, Г.Құдайбергенованың «Бала тілін дамыту әдістемесі» оқулығының тұсаукесері және «Көркем ой мен көсемсөз үндестігі» көрмесі өтті.Конференцияның салтанатты ашылуында «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы, жазушы, журналист, мәдениет және қоғам қайраткері Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ахат Нұртас Ахатұлы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Таласпаева Жанар Серкешқызы, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Балташева Айнагүл Қыдырбаевна, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы, «Талап» КЕАҚ президенті Тәтібеков Санжар Мейірханұлы, Ақмола облысы білім басқармасының ТжКБ орталығының басшысы Нұралин Нажмиден Мұратұлы құттықтау сөз сөйледі.Пленарлық мәжіліс модераторы – Педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, PhD докторант, педагог-шебер, «Үздік педагог», колледж директорының міндетін атқарушы Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы болды.Ғылыми баяндамалар легінде: • филология ғылымдарының кандидаты Қадыров Жанбай Тұрарұлы «Туған үйдің түтіні» шығармасындағы ұлттық сана мәселесін, • филология ғылымдарының кандидаты Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы Ж.Мусин тағылымының тәрбиелік мәнін, • ҚР мәдениет қайраткері Сәрсембаев Балталы Сәрсембайұлы қаламгердің тұлғалық болмысын, • Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының магистрі, әлеуметтану ғылымдары бойынша Қазан федералдық университетінің ізденушісі Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы өңірлік руханияттағы орнын, • қауымдастырылған профессор Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы қаламгерлік өрісін, • PhD доктор Рақымжан Оралсын Қалиқайдарқызы прозасындағы ұлттық кодтың когнитивтік көрінісін жан-жақты талдады.Пленарлық отырыс соңында заң ғылымдарының докторы, доцент Баймурзин Еркін Шахманұлы және жазушының ұлы Мұхтар Жанайдарұлы қорытынды сөз сөйлеп, конференция жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ Ж.Мусиннің 90 жылдығына арналған облыстық көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпаздары марапатталып, Ж.Мусин атындағы шәкіртақы тағайындалды.Конференция мазмұнды ғылыми пікір алмасу алаңына айналып, Жанайдар Мусиннің әдебиет пен журналистика саласындағы мұрасын жаңа қырынан зерделеуге мүмкіндік берді.
Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст