АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

12.02.2026
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Тұлға тәрбиесі мен гуманитарлық құндылықтар: білім беру кеңістігіндегі цифрлық трансформация» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты-
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға жағдай жасау, тұлға тәрбиесі мен гуманитарлық құндылықтардың мәнін заманауи цифрлық білім беру кеңістігі аясында талқылау және білім беру жүйесіндегі трансформация процестерінің мазмұны мен бағыттарын айқындау.
Төрт бағыт бойынша колледжден 8 студент қатысып, баяндама қорғады.
Байқау нәтижесі бойынша "Гуманитарлық ғылымдардың қазіргі жаһандық даму үрдістері" бағыты бойынша филология бөлімінің студенті Балғабаева Нұршат Бағдатқызы жүлделі ll орынға ие болды. Жетекшісі- Рақымжан Оралсын Қалиқайдарқызы.
Аталмыш бағытта мектепке дейінгі бөлімінің студенттері Бауыржан Сымбат жүлделі II орынға ие болса, Абильмажинова Махаббат Дархановна III орынды жеңіп алды. Жетекшісі - Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы.
Тілдік білім беру: замануи әдістер мен технологиялар" бағыты бойынша Қалменбай Әсел Дауылбайқызы II орынды жеңіп алды. Жетекшісі - Иманбаев Қуаныш Қожабайұлы. Қалған төрт студент конференцияға қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды. Гуманитарлық құндылықтардың білім беру мазмұнындағы рөлі мен маңызын зерделеп, жастардың рухани-адамгершілік мәдениетін дамытуға бағытталған ғылыми пікір аламасу алаңына айналды.
Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст