09.02.2026
2026 жылғы 9 ақпанда Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Бастауыш білім беру бөлімінің IV курс студенті Амантай Айғаным Сәрсенбайқызы дипломдық практика аясында Степногорск қаласы, Ю.А. Гагарин атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде Zoom платформасы арқылы 4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Қош келдің, Наурыз» тақырыбында үлгі сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – шығарманың мазмұнын түсіну, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру, сондай-ақ шығармашылық жұмыстар орындау.
Сабаққа Zoom платформасы арқылы практика әдіскерлері Тойындық Молдағалиқызы, Айжанар Нұрланқызы және Гүлмира Қайыржанқызы қатысты.
Сабақ барысында оқушыларға Міржақып Дулатұлы туралы ақпарат беріліп, ақынның «Наурыз» өлеңі түсіндірілді. Ақынға байланысты шығармашылық жұмыс жүргізіліп, тақырыпқа сай әңгіме құрау тапсырмасы, сондай-ақ топтық, жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылды. Теориялық және практикалық білім ұштастырылып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты.
Сабақта заманауи білім беру технологиялары тиімді қолданылды. Атап айтқанда:
• жасанды интеллект арқылы психологиялық ахуал ұйымдастыру;
• «Жылы лебіз» психологиялық ахуалы;
• «Теледидар» әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу;
• «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу;
• «Google» платформасы арқылы шығармашылық тапсырма орындау;
• «Бағдаршам мен қыстырғыш» әдісі арқылы кері байланыс жүргізу және бағалау парағын қолдану.
Сондай-ақ дәптермен және оқулықпен жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Сабақ өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Оқушылар берілген тапсырмаларды ынтамен орындап, өз ойларын еркін жеткізе алды.
Сабақ құрылымы талапқа сай жоспарланып, қойылған мақсат толық орындалды.