05.02.2026
2026 жылдың 4 ақпанында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде білім мен тәжірибені ұштастырған ерекше форматтағы тәжірибелі тәлімгер Сатиева Марал Тулегеновна мен жас маман Ерман Ернұр Қалдыбекұлының «Жасушалардың негізгі құрам бөліктерін анықтау» тақырыбындағы дуэт-сабағы өтті.
Сабақтың басты мақсаты — сабақ соңында студенттер жасушаның негізгі құрам бөліктерін (жасуша мембранасы, цитоплазма, ядро) атап, олардың құрылымы мен қызметін түсіндіріп, кесте немесе сызба арқылы кемінде 3 органоидтың қызметін дұрыс сипаттай алады.
Сабақ барысында «дуэт» форматы өз тиімділігін толық дәлелдеді: тәлімгер сабақтың әдістемелік тереңдігі мен ғылыми жүйелілігін қамтамасыз етсе, жас маман заманауи цифрлық технологияларды сәтті қолдана білді.
Оқу процесінде студенттер «Ойлан, жұптас, топтас» әдісі арқылы топтық постерлер қорғап, Венн диаграммасы көмегімен салыстырмалы талдау жасады. Сондай-ақ, Educaplay платформасында интерактивті тест тапсырмаларын орындап, сабақ соңында Padlet.com тақтасы арқылы кері байланыс орнатты. SMART мақсаттарға негізделген бұл сабақ студенттердің теориялық білімін практикалық дағдымен ұштастыруға мүмкіндік берді.
Мұндай бірлескен сабақтар колледжіміздегі ұстаздар сабақтастығы мен кәсіби дамудың жарқын үлгісі болып табылады.