АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

05.02.2026

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы бекіткен байқаулар тізіміне сәйкес, 2026 жылдың 20–27 қаңтар аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ мен «М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж» МКҚК-ның ұйымдастыруымен оқу-өндірістік практика блогі бойынша «TeachFest: табысқа шабыттандыратын тәжірибе» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – педагогикалық практика барысында жоғары кәсіби құзыреттілігін, практикалық дағдылары мен инновациялық тәсілдерін көрсете алатын, шығармашылықпен жұмыс істейтін талантты студенттерді анықтау, қолдау көрсету және ынталандыру.
Байқау педагогикалық мамандықтар бойынша оқу кезеңінде өтетін негізгі педагогикалық практиканың алты бағыты негізінде ұйымдастырылды. Аталған алты бағыт бойынша колледжден 14 студент қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша «Бір пән бойынша дидактикалық материалдар жинағы» бағыты бойынша филология бөлімінің студенті Султанова Алина Жасулановна жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі – Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы.
ІІІ орынды мектепке дейінгі бөлімнің студенті Абильмажинова Махаббат Дархановна жеңіп алды. Жетекшісі – Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы.
«Авторлық дидактикалық ойынның сценарийі» бағыты бойынша мектепке дейінгі бөлімнің студенті Кенжина Наргиза Мырзабековна жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі – Искакова Бақыт Жарматайқызы.
«Сыныптан тыс іс-шаралар сценарийі» бағыты бойынша филология бөлімінің студенті Ғалымжанова Гүлнұр Жәнібекқызы ІІ орынды жеңіп алды. Жетекшісі – Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағамбетқызы.
Ал «Практика бағыттары бойынша цифрлық білім беру ресурстары» бағыты бойынша информатика бөлімінің студенттері Ерсаин Асқар мен Бейсен Шыңғысхан ІІ орынға ие болды. Жетекшісі – Мендыбаева Айжанар Нұрланқызы.
Музыка бөлімінің студенті Мүлік Еркебұлан «Авторлық педагогикалық өнім» номинациясымен марапатталды (жетекшісі – Таткенова Сауле Қайратқызы). Қалған жеті студент байқауға қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.
Педагогикалық практика аясында ұйымдастырылған республикалық кәсіби шеберлік байқауы болашақ педагогтердің кәсіби әлеуетін айқындап, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Просмотров: 372


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст