29.01.2026
2026 жылдың 28 қаңтарында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Білім беру» саласы бойынша педагогтер арасында колледжішілік «Кәсіби шеберлік – 2026» байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу.
Байқау үш модуль бойынша ұйымдастырылды:
1-модуль – «Мен және қоғам» (бейнеүндеу);
2-модуль – «Әдістемелік әзірлеме» (педагогикалық өнімді қорғау);
3-модуль – «Мультимедиялық технологиялар» (сабаққа арналған мультимедиялық презентация дайындау).
Қатысушылар өздерінің кәсіби құзыреттілігін, әдістемелік шеберлігін және ақпараттық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Әділқазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды мазмұны, жаңашылдығы және тәжірибеге енгізу мүмкіндігі тұрғысынан бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша үздік педагогтер анықталып, дипломдар мен сертификаттармен марапатталды. «Тіл және әдебиет» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Қайыржан Тлек Сағындыққызы және «Информатика» кафедрасының жалпы пәндер оқытушысы Қамалиден Әйгерім Сағындыққызы алдағы облыстық кезеңге жолдама алды.
Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, үздік тәжірибелерді таратуға кең мүмкіндік жасады.