28.01.2026
Қаңтардың 17 жұлдызында Vivaldi Art білім беру өнер орталығының ұйымдастыруымен ASTANA CHOIR COMPETITION – хор ұжымдары мен вокалдық ансамбльдердің халықаралық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерді анықтау, дарынды әрі ерекше орындаушыларды, хор ұжымдары мен вокалдық ансамбльдерді қолдау, олардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру; ұлттық және әлемдік музыкалық мәдениет пен өнердің озық дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау және дәріптеу; мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жастардың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін ұйымдастыру, рухани және мәдени құндылықтармен таныстыру, өзара мәдени алмасуды қамтамасыз ету және халықаралық мәдени байланыстарды нығайту.
Аталған байқауға колледжіміздің «Наркескен» ер балалар хоры қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жетекшісі – Таткенова Сауле Қайратовна,
сүйемелдеуші – Мусайпова Шынар Қайратқызы.
Сонымен қатар байқау аясында жетекшілерге арналған «Қазақстанның хор өнері: инновация және орындаушылық» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары өтіп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!