26.01.2026
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің №1 студенттер үйінің кеңес мүшелері ұйымдастырған «Аялдама» квест ойыны мазмұнды әрі қызықты өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің зияткерлік, шығармашылық және мәдени қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, командалық бірлік пен ұйымшылдықты қалыптастыру, сондай-ақ бос уақытты тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру.
Квест ойыны бірнеше аялдамадан тұрды:
1. «Миға шабуыл» аялдамасы;
2. «Естелік» аялдамасы;
3. «Жұмбақ» аялдамасы;
4. «Әндетейік» аялдамасы;
5. «Күй» аялдамасы.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Дене мәдениеті және спорт бөлімі студенттері ие болды. Қалған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.