Текст
26.01.2026
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің М-11 тобының кураторы Сәуле Таткенова «Қауіпсіз интернет: цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Іс-шара барысында білім алушыларға интернет желісін қауіпсіз пайдалану ережелері, жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу және желідегі күмәнді ақпараттардан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, цифрлық ортадағы жауапкершілік пен мәдениетті қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кураторлық сағат оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.