АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?» ТӘРБИЕ САҒАТЫ

20.01.2026

2026 жылғы 20 қаңтар күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде филология бөлімінің ФБ-11 тобы студенттеріне «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Тәрбие сағатын оқытушы Капарова Мөлдір Есенгелдіқызы дайындап, ұйымдастырды.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге Қазақстан Республикасындағы негізгі адам құқықтары мен бала құқықтары туралы мағлұмат беріліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Викториналық тапсырмалар мен құқықтық жағдаяттар арқылы студенттер өз құқықтары мен міндеттерін ажыратып, нақты өмірде қолдану жолдарын талқылады.
Тәрбие сағаты барысында студенттер белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, топпен жұмыс жасау арқылы өз ой-пікірлерін дәлелді түрде жеткізді. Құқықтық жағдаяттарды талдау кезінде әділдік, жауапкершілік және заңды құрметтеу құндылықтары кеңінен қамтылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
#адалазаматбіртұтастәрбие
#біртұтастәрбиебағдарламасы

Просмотров: 137


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст