АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«СТУДЕНТ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

16.01.2026
2026 жылдың 16 қаңтарында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК-да колледжішілік студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара «Студент және ғылым» тақырыбына арналды.
Конференцияның мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми-ізденіс мәдениетін қалыптастыру, студенттердің ғылыми әлеуетін дамыту, кәсіби және зияткерлік қабілеттерін шыңдау.
Іс-шараның басты міндеттеріне зерттеу және жобалау дағдыларын дамыту, ғылым мен тәжірибені ұштастыру, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, инновациялық идеяларды қолдау, цифрлық ортада білім сапасын арттыру мәселелері кірді.
Конференцияға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Ағылшын тілі», «Филология», «Бастауыш мектеп» бөлімдерінің студенттері белсенді қатысып, өз зерттеу жұмыстарын түрлі бағыттар бойынша ұсынды. Баяндамалар педагогика, психология, тіл білімі, әдебиет, мәдениет, инклюзивті білім, экология, ұлттық құндылықтар, жасанды интеллект және заманауи оқыту әдістері секілді өзекті тақырыптарды қамтыды.
Модераторлар студенттерге бағыт-бағдар беріп, ғылыми ойларын қолдап, пікір алмасуға мүмкіндік жасады. Конференция соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, тәжірибелері мен әсерлерімен бөлісті.
Бұл іс-шара студенттердің ғылыми әлеуетін дамытып қана қоймай, олардың кәсіби өсуіне, шығармашылық белсенділігіне және зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосты.
Жас ғалымдарымызға шығармашылық табыс тілейміз! Болашаққа батыл қадам жасап, ғылымға өз үлестерін қоса берсін! 🌟📚
Просмотров: 198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст