25.12.2025
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен М. Мәметова атындағы Қызылорда жоғары колледжінің әкімшілік құрамының қатысуымен Zoom платформасында академиялық ұтқырлық аясында кезекті отырыс өтті.
Кездесу барысында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер жөнінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы ақпарат беріп, оқу процесінің графигін нақтылады.
Филология бөлімінің меңгерушісі Қайыржан Тілек Сағындыққызы академиялық ұтқырлық аясында білім алатын студенттер туралы мәлімет ұсынып, оқу жұмыс жоспарымен таныстырды.
Ал практика жөніндегі директордың орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы практика жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі бойынша түсініктеме берді.