22.12.2025
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айтбаев Досулан Ерланұлының қатысуымен жастар саясаты бойынша жыл қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Жыл қорытындысы нәтижесінде Jas Aqmola облыстық сыйлығының «Жыл волонтері – 2025» номинациясы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Филология бөлімінің студенті Жағупар Даниал Қуанышбекұлына табысталды. Сондай-ақ оған 500 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат берілді.
Айта кетейік, Жағупар Даниал Қуанышбекұлы — Халықаралық гуманитарлық Қызыл Ай қоғамының волонтері, алғашқы көмек көрсету бойынша волонтер-инструктор.
Сонымен қатар ол балалар құқығын қорғау бағытында жұмыс істейтін UNICEF ұйымының волонтері, Солтүстік Қазақстан облысының UNICEF жастар кеңесінің мүшесі.
Бұдан бөлек, республика деңгейінде профилактикалық бағытта қызмет атқаратын Esbol Qory ұйымы жанындағы esirtkisiz.aqmola фронт-кеңсесінің басшысы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!