Текст
08.12.2025
2025–2026 оқу жылы «Сұңқар» универсиадасы бағдарламасы бойынша футзалдан орта арнаулы оқу орындары арасында өткен жарыста Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұлдар командасы ІІ орынды иеленді. Жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, командалық ойын үлгісін көрсеткен жігіттерді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сонымен қатар, ерекше ойын көрсеткен Жолдыбеков Бақдәулет «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.
Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз!
#ЖМусинКолледжі #СұңқарУниверсиадасы #ЖүлдегерКоманда #ҮздікҚорғаушы #ЖастарСпорты