Текст
04.12.2025
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жүрек үні – психология тілі» психология апталығы аясында колледж студенттері «Колледжді ашық түстермен бояйық» акциясына белсенді қатысуда. Бұл бастама оқу ордасының ішінде позитивті атмосфера қалыптастырып, психологиялық жайлылық деңгейін арттыруға бағытталған.
Акцияның негізгі мақсаты — студенттердің эмоциялық жағдайын жақсарту, көңіл-күйді көтеру және оқу орнындағы психологиялық ортаны қолайлы ету.
Психология апталығы қарқынды түрде жалғасуда — алда әлі де қызықты әрі пайдалы шаралар күтіп тұр