АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ЕС ЖӘНЕ ОЙЛАУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН МЕҢГЕРЕДІ» АТТЫ ДУЭТ САБАҚ

03.12.2025

«Жүрек үні – психология тілі» психология апталығының жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 3 желтоқсанында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сынып оқушысының психологиясын оқу үрдісінде психикалық процестерді, қасиеттерді, жағдайларды сипаттау» пәні бойынша психология пәнінің оқытушылары Емілесова Сания Жанібекқызы мен Испаева Дина Ғалымқызының дуэт сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне кіші мектеп жасындағы балалардың есте сақтау және ойлау процестерінің жас ерекшеліктерін түсіндіру, сондай-ақ теориялық білімді практикалық тапсырмалар арқылы бекіту.
Сабақ барысында студенттер:
баланың есте сақтау түрлері мен олардың даму динамикасын талдады;
ойлау әрекетінің негізгі логикалық операцияларының (салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау) қалыптасу ерекшеліктерін қарастырды;
шағын топтарда постер әзірлеп, өз тұжырымдарын қорғады;
Wordwall платформасында сәйкестендіру ойынына қатысып, алған білімдерін бекітті.
Қызықты сергіту сәттері мен интерактивті тапсырмалар студенттердің белсенділігі мен ынтасын арттырып, сабақтың тиімді өтуіне ықпал етті.
Сабақ соңында «Өсіп жатқан ағаш» әдісі қолданылып, студенттер өз білім деңгейіне рефлексия жасады.

Просмотров: 70


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст